07.06.2021
189
Қолайлы бастық
— Түлкі шырақ, жаңа бастық келіпті,
Көртышқан ба, аты қалай өзінің?
— Қайтер екен, қиын болар істесу,
Көрмейтіні бар дейді ғой көзінің...
— Несі қиын, қайта жеңіл өзіме,
Ондай бастық маған қатты ұнайды.
Өйткені түк көрмейтұғын соқырмен
Істесудің өзі қандай қолайлы...
бастық Түлкі Көртышқан Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері