07.06.2021
875
АРҒЫН АҒА БАЛАСЫ
АРҒЫН АҒА БАЛАСЫ
Тайпасының белгісі-"көз", ұраны-"Ақжол",
Айтарымыз орта жүздің руы-арғын.
Руға, жүзге бөлінгендік емес ойым,
Арғындарға келеді жыр арнағым...
"Арғын аға баласы" - мейрім төккен,
Орта жүзден тараған көңілі көктем.
Жүректері кең дархан қазағымдай,
Орталық, Шығыс, Оңтүстікті мекен еткен.
Арғын рудан тараған қазақтардың,
Ерекшелеп тұрар- он төрт белгісі бар.
Шетінен атап өтейін ал ендеше,
Өлеңдеткен тілменен сіз ұғынар...
Арғындардың көбісі өнерлі адам,
Қолөнерші келеді немесе олар.
Еркіндікті жақсы көред(і) шыншылдықты,
Өз елі мен жеріне адал жандар...
Арғын рудан тараған қазақ қызы,
Өңді болып келеді, жүзі жылы.
Аққұба ару, ерекше баурап алар,
Көмейінен атқылап ән мен жыры.
Өздеріне сенімді бұл-арғындар,
Сыйластыққа, шүкіршілікке жаны құмар.
Көздерімен адамдарға тура қарап,
Жанарлары күлімдеп, жанып тұрар...
Қонақжайлық бейнесі тағы да бар,
Тату-тәтті, ынтымақтың көзін табар.
Үлкендердің сөздеріне құлақ салып,
Тығырықтан шығатын жолын табар.
Сөзге шешен Арғындар, дес бермейтін,
Анау, мынау жаланы ескермейтін...
Өз жөнімен дәлме-дәл айтып салар,
Жағымпаздық мінездерді хош көрмейтін.
Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау,
Сөзге шешен адамдардың ұрпағы олар.
Ақан сері, Ұлы Абай өлеңдеткен,
Арғындардың жалғасы, жырға құмар.
Қазыбек би жырының арнасымыз,
Бұқар жырау, Ақан сері бар жақсымыз.
Тобықты арғын-Ұлы Абайдың ізін жалғар,
Жырдан шуақ шашатын жалғасымыз.
Көпшіліктің адамы, көпшіл қауым,
Бір шатырға жиналар жауса жауын.
Мейрімге толы жанарлары жарқылдайды,
Тазалықпен көркемдеп бақша, бауын.
Үяң да арғын, өнерлі арғын, сабырлы арғын,
Шың басына намысын, қояр арын...
Қандай сындар қиындықтар болса-дағы,
Қарсы тұрар, берілмей еш, салып барын...
Түркістан қаласы. Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналынының тілшісі: Жібек Искакова
Тайпасының белгісі-"көз", ұраны-"Ақжол",
Айтарымыз орта жүздің руы-арғын.
Руға, жүзге бөлінгендік емес ойым,
Арғындарға келеді жыр арнағым...
"Арғын аға баласы" - мейрім төккен,
Орта жүзден тараған көңілі көктем.
Жүректері кең дархан қазағымдай,
Орталық, Шығыс, Оңтүстікті мекен еткен.
Арғын рудан тараған қазақтардың,
Ерекшелеп тұрар- он төрт белгісі бар.
Шетінен атап өтейін ал ендеше,
Өлеңдеткен тілменен сіз ұғынар...
Арғындардың көбісі өнерлі адам,
Қолөнерші келеді немесе олар.
Еркіндікті жақсы көред(і) шыншылдықты,
Өз елі мен жеріне адал жандар...
Арғын рудан тараған қазақ қызы,
Өңді болып келеді, жүзі жылы.
Аққұба ару, ерекше баурап алар,
Көмейінен атқылап ән мен жыры.
Өздеріне сенімді бұл-арғындар,
Сыйластыққа, шүкіршілікке жаны құмар.
Көздерімен адамдарға тура қарап,
Жанарлары күлімдеп, жанып тұрар...
Қонақжайлық бейнесі тағы да бар,
Тату-тәтті, ынтымақтың көзін табар.
Үлкендердің сөздеріне құлақ салып,
Тығырықтан шығатын жолын табар.
Сөзге шешен Арғындар, дес бермейтін,
Анау, мынау жаланы ескермейтін...
Өз жөнімен дәлме-дәл айтып салар,
Жағымпаздық мінездерді хош көрмейтін.
Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау,
Сөзге шешен адамдардың ұрпағы олар.
Ақан сері, Ұлы Абай өлеңдеткен,
Арғындардың жалғасы, жырға құмар.
Қазыбек би жырының арнасымыз,
Бұқар жырау, Ақан сері бар жақсымыз.
Тобықты арғын-Ұлы Абайдың ізін жалғар,
Жырдан шуақ шашатын жалғасымыз.
Көпшіліктің адамы, көпшіл қауым,
Бір шатырға жиналар жауса жауын.
Мейрімге толы жанарлары жарқылдайды,
Тазалықпен көркемдеп бақша, бауын.
Үяң да арғын, өнерлі арғын, сабырлы арғын,
Шың басына намысын, қояр арын...
Қандай сындар қиындықтар болса-дағы,
Қарсы тұрар, берілмей еш, салып барын...
Түркістан қаласы. Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналынының тілшісі: Жібек Искакова