07.06.2021
271
СӘБИГЕ ЕСІМ ҚОЮ
Тебіреніп ана көкірек,
Ұласты тойға толғағы.
Емиренеді есі жоқ,
Сәбиін құшып қолдағы.
Әкенің өсті мерейі,
Көңілін көрдік шалқыған.
Иірген алтын кенейі,
Қуантты түсіп алшыдан.
Уілдеп айтып іңгәсін
Я Айналып асыл арманға.
Әжесі көріп жалғасын,
Шашуын шашты бар маңға.
Маңдайдан иіскеп ботасын,
«Немерем» дейді ата да.
Ертең -ақ сәби атасын
Жетелеп шығар жотаға.
Болар ол ертең бір тұлға,
Басы боп өмір көшінің.
Жоралғы көп қой ұлтымда,
Қояйық сәби есімін.