07.06.2021
1998
ТҰСАУ КЕСЕР
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышын кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, кадамын алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананын соқпағы, жалғасы боп.
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.