07.06.2021
  3446


Автор: Асаба (тамада)

ТУҒАН КҮН

Күй бітіп сезімімнің шектеріне,
Туған күн тағы айналып жеткені ме?
Көңілдің құлпырады гүлі қаулап,
Ұқсайды ол адамзаттың көктеміне.
Дос-жаран,
Жарыңның да назары ауып,
Басталар думаныңның базары анық.
Пейіл мен көңіл деген құйып нөсер,
Жан дүниең қалар содан тазаланып.
Туған күн.
Гүл сыйлаған, дос қаумалап,
Шалқисың бәйгеге бер қосқандай ат.
Өзіңнің құрметіңе өмірдегі,
Айтылар не бір тілек, тостар ғажап,
Жалт етіп өте шығар бір жыл тағы,
Жоталар қол жетпеген қынжылтады.
Бір сәтке күйкі тірлік ұмыт болып,
Босатар бұғауынан мұң құрсауы.
Тілекке, ырза болып марапатқа
Боласың отырғандай дара таққа.
Бойыңа туған күнің қуат құйып,
Алады шомылдырып рахатқа.
Серпіліп ішкі әлемің құлазыған,
Қанасың кәусар пейіл бұлағынан.
Туған күн бірер сағат төрде отырып,
Тірліктің дәм татасың жұмағынан!




Пікір жазу