07.06.2021
  639


Автор: Асаба (тамада)

ЖЕТПІСКЕ ТОЛҒАН ӘКЕГЕ

Қалды артта


Жетпіс асу, қия шыңдар,


Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.


Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,


Жас жігіттей әлі де қуатың бар.


Жария боп жақсы атың алты Алашқа,


Келесіз үлгі болып барша жасқа.


Жүрегі аузын ашса көрінетін,


Базары жайсаңдардың тарқамас та.


Толқын боп аңқылдадың ақтарылып,


Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.


Ақ туын адалдықтың желбіреттің,


Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.


Танытып еңбегіңмен сан қырынды,


Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.


Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,


Арнадың еліңе сен тағдырыңды.


Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,


Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.


Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған


Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.





Пікір жазу