07.06.2021
178

САМҒА, ІНІШЕК
Самға жастық от барда,
Жолың болсын жортқанда.
Дүниеде жүйрік көп,
Жалғыз екем деп қалма.
Айдарыңнан жел ессін,
Ағайынмен кеңескін.
Қарайлай жүр артыңа,
Артық айтты демессің.
Әке-шеше — алтының,
Қадірлей біл, жарқыным.
Сүйеу болар бауырың
Сыздағанда балтырың.
Сыйла жолдас-жораңды,
Болма жалғыз тораңғы.
Дос, сырласы жоқтардың
Алды тастай қараңғы.
Бола білгін бауырмал,
Сақтана біл жауыңнан.
Намысыңды жыртатын,
Артыңда үлкен қауым бар!