07.06.2021
  788


Автор: Асаба (тамада)

ЖАС ЖҰБАЙЛАР ТОЙЫН БАСТАУ

Жас жұбайлар жүздерінен нұр табам,


Көкіректерде шаттық күйі бұрқаған.


Құтты болсын отауларың, жұбайлар,


Жар-жар айтып, кұрбылардың шырқады ән


Екі жасты көргеніңде көрікті,


Қуансаң да,


Шалқысаң да ерікті.


Даладағы алаулаған махаббат,


Қол ұстасып


Ақ отауға еніпті.


Ізгілік пен мейірімге бөленген,


Сендердегі пәк сезімге сенем мен.


Жас отаудың иелерін құттықтап,


Осы тойды ашып тұрмын өлеңмен.





Пікір жазу