07.06.2021
777
ҮЙЛЕНГЕН ЖАСТАРҒА
Көктегі – жүлдыз ұл мен қыз,
Ата-ана үміт жалғаған.
Бәрі де бабам жүрген із,
Жалғасып жатыр арман-ән.
Атадан қалған мұраны,
Жатады жампоз ұл жалғап.
Ұл-қияның қыраны,
Қыз-құлпырған қызғалдақ.
Өнегелі ұл өсір,
Тәлімі жақсы тектіден.
Тілеуін соның тілесе ел,
Ниеті қабыл деп білем.
Құс болып көкке самғайды,
Қыз іздеп бақыт бөгде үйден.
Ата-анасын сыйлайды,
Көргенді келін, жөн білген.
Еңсесі асқақ шыңдардай,
Туысы бөлек дүлдүлдей,
Көктегі қос сұңқардай,
Үйленген мына екі жас
Мәңгілікке бір жүргей!