07.06.2021
129
АТА ТІЛЕГІ
Әкесіне – ұл айбын,
Шешесіне – қыз айдын.
Келінді сүйіп маңдайдан,
Бергені деп құдайдың.
Бағын аш деп Алладан,
Амандығын сұраймын.
Көсегесі көгеріп,
Бал-шаға көп өніп,
Өндірдей екі өркенің,
Қуанышын көрейік,
Батамызды берейік.
Тоймен өтсін талай күн,
Тең-құрбыдан қалыспай,
Алды болсын талайдың!
Әумин!