07.06.2021
254
ҮЙЛЕНГЕН ІНІГЕ АҒА МЕН ЖЕҢГЕНІҢ ТІЛЕГІ
Келін кеп бүгін,
Кемел боп көңіл тасуда,
Өрімдей жастар аттанды өмір-асуға.
Ананың күткен таңы да атты арайлап,
Ағайын-туған тілегін аппақ қосуда.
Құдалардың да
Қадамы құтты болса екен,
Заманың тыныш,
Еліңе ырыс толса екен.
Аға мен жеңгенің жас шаңыраққа тілекші,
Бақ құсы келіп осынау үйге қонса екен.
Бақыттың құсын
Қолыңа, қалқам, қондырдың,
Шаттықтан шалқып шадыман болып мен жүрмін.
Біреудің ол да әлпешпен өскен баласы,
Балалығыңды байсалдыққа жеңдіргін.
Көркем ұл едің
Көріне білген биіктен,
Өркенім едің,
Біріңді -бірің сүйіп пе ең?
Алауға толы сендердің махаббаттарың,
Әкенің мейірін,
Ананың төсін иіткен!