07.06.2021
194
ҮЙЛЕНГЕН ЖІГІТКЕ
Тігіпті отау, қос ботам,
Жар болсын дәйім бір Алла.
Аталы сөз-ақ бата,
Жадыңнан, әсте, шығарма.
Не жетсін ана мейірге,
Таусылмас әке пейілі.
Жақсы ұл тартып тегіне,
Болады жардың серігі.
Туғандай қабат ай – күні,
Шаттықтан жүрек жарылар.
Күтеді өмір айдыны,
Сыйласын бақыт таңың әр.
Ай көрікті келіннің, ,
Ажарын көріп ырза жұрт.
Жан екен өзі мейірлі,
Көзінде оты тұр жанып.
Алысқа тартсын ұлы көш,
Оңғарылсың қадамың.
Салт-дәстүрді сыйлап өс,
Жықпағын Алаш жалауын!