07.06.2021
  300


Автор: Асаба (тамада)

АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Тұрғанында көктем, жастық мөлдір көк,


Ғашық отын уақыт қалай сөндірмек.


Сұқтандырар сұлу қыздар болмаса,


Мына өмір кетеді екен солғын боп.


Пәк махаббат жүректерге гүл жайып,


Ғашықтығың күннен күнге ұлғайып.


Айдындағы аққу сынды ғажайып,


Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық.


Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,


Аруларды сүйе білгін адал-ақ.


Соларулар – ертеңгі ұрпақ анасы,


Өтейікші алақанда аялап!





Пікір жазу