07.06.2021
  12058


Автор: Асаба (тамада)

СӨЗ БЕРУ

Ерекше қадірі де, бағасы да,


Ұқсайтын алтын тонның жағасына.


Тілегін жүрек жарды қалсын айтып,


Берейік сөз кезегін нағашыға.


Бұл тойға туыс келмей, жат келсін бе,


Дүбірлі талай тойлар қапты есімде.


Ағытсын шын жүректен ақ тілегін,


Қанеки, бір тыңдайық әпкесін де.


Сыйлы боп жүрген барша қауымына,


Тілектес думаны мен сауығына.


Жүретін Алатаудай арқа сүйеп,


Берейік сөз кезегін бауырына.


Жездеге берген қазақ төрден орын,


Қайын жұртқа ерекше еңбегі оның.


Дәл басатын сезімнің пернелерін,


Алады сөз кезегін жезделерің.


Пейілі қазақтың кең даласындай,


Бір ару ортамызда бар осындай.


Берейік сөз кезегін қарындасқа


Көзінің ағы менен қарасындай.


Тіреу ғой тұрса егерде артыңда іні,


Інілер-ағалардың жал- құйрығы.


Сөз кезегін береміз інісіне,


Іні бар да қалмайды нардың жүгі.


Жанары қыран құстай қиядағы,


Именіп үлкендерден ұялады.


Ақ тілегін айтсын бір күйеу бала,


Той болса, жұрттан бұрын қуанады.





Пікір жазу