05.06.2021
  1079


Автор: Маржан Әлімұхамед

Апама

Құтты болсын туылған күніңіз бүгінгі,
Арнап жаздым,өзіңізге жырымды.
Алпыс жастың асуын көр апатай,
Қуанышпен алмастырып мұңыңды.

Құтықтайын өзіңізді бұрын кеп,
Кетсін ауру,қайғы деген көп түнек.
Қол ұстасып,ойнап-күліп атам мен,
Ортамызда жүргейсіз тек күлімдеп.

Денсаулықты тілейінші сізге зор,
Немере көр,шөбере көр, шөпшек көр.
Жанымызда жүрші дәйім жадырап,
Сізбен ғана берекелді біздің төр.





Пікір жазу