05.06.2021
  1610


Автор: Маржан Әлімұхамед

Сыныптастарыма

Қапалассақ сәлден соң жарасатын,
Қиын сәтте қол беріп қарасатын.
Үзілісте үнемі қыздар-ұлдар,
Қуаласпақ ойнауға асығатын
Қайдасың балауса балғын шағым

Сағынамын өзімнің сыныбымды,
Бола алмадым әттең ай соңғы жылы
Он жыл бойы оқыған достарымды,
Қимаймын ештеңеге он бір «б» .

Ағып жатқан бұлақтай жүректегі,
Достарыңның таусылмас тілектері.
Бәріңді жақсы көрем бауырымдай
Бердияров мектебінің түлектері.





Пікір жазу