05.06.2021
  1170


Автор: Маржан Әлімұхамед

Жан-жарыма

Нұрланады
Ол бар жер жап-жарыққа
Жүректен
Бір жазайын жан-жарыма.
Жұбайым
Бар сүйетін жан тәнімен,
Қарамайтын басқаға жан-жағына.

Шаршамайды
Біздерді таң қалдыра ,
Сүйеді
Қандай болсаң сол қалпыңда.
Шаттықтан
Шашу шашар жүрген жері,
Қарамайды
Мұңая бар қайғыға.

Күлімдеген
Көзіне алдандым ба?
Ғашық болып
Сол кезде қалғанмын ба?
Қаншама
Жандардың арасынан,
Сай келдің -ау
Сен менің талғамыма.

Бір көргеннен
Айналдың арманыма,
Некелестік серттесіп
Алла алдында .
Махаббаттың
Жемісі тәтті екен,
Шапқылап жүр
Шуылдап балаларымда.

Сезімдерден
Сыр шерттім ақтарыла,
Осы жалдың
Жұмасы қаңтарында .
Ақындықты
Дарытқан Жаратқанға
Шүкіршілік
Етемін әр таңымда.





Пікір жазу