05.06.2021
290
Ұлыма
Құлыным, бейуақ мені танырсың ба?
Санама естеліктің бәрін шынға.
Тану үшін адамды –– бірге күліп,
Қатар жүру керек қой ауыр сында.
Шындықтан бұра тартпай жолды бөлек,
Мен жәйлі анаң айтар мәнді дерек.
Бәрі де рас дегенмен,
Отырады ол
Өзінің ері жәйлі әңгімелеп.
Ардақты, ғазаз анам бас иетін,,
Мен жәйлі айтар саған өсиетін.
Нағыз шындық дегенмен,
Баяндайды ол
Өзінің баласының қасиетін.
Айтпайды ақиқатын жұрт тағы да,
Табылар құптары да даттары да.
Біреуі шексіз мақтап,
Енді бірі
Былықтың батырады батпағына.
Өлеңімде –– шындықтың шырай таңы,
Қуантады ол сені, мұңайтады.
Анам, жарым, жұртымның айтпағанын
Өзіңе өлең айтпай кім айтады?
Асықтырып алысқа арман ұдай,
Кім ойлаған түсем деп халге бұлай:
Әкелікке –– жастаумын,
Өмірімді
Суйеуге –– сенің құйттай болғаның– ай!