04.06.2021
  254


Біздің жағдай

Мен жазамын бұл жердегі мән жайымды,
Көңілдегі алаңдаулы уайымды.
Жаман індет алып келген қорқыныш бар
Әке-шешем білгім келед жағдайыңды.
Қалаларым жабылды "карантин" деп,
Бар жоспарды бұзды ғой мына індет,
Жабылып шет-шетімен мекемелер,
Көңіліміз түсе берді күннен күнге.
Қайда десең, шуақты кент Жарма ауданы,
Бостандықсыз өмір кешкен шалғайдағы ОВ-156/18 мекемесі,
Тек бостандық деп соққан жүрек арманы.
Бұл жердің де жабылды есіктері,
Сағынышпен күтетін терезелері.
Әке-шеше, туысқан деп алаңдатты,
Сезілгендей короновирус дерттің демі.
Осы жерде мың алғыс мекемеге,
Туысқанды жақындатқан ете-ете.
Скайп бейне жазбасы мауқымды бастырар,
Үлкен сағынышымды деген әке-шешеме.
Барша қазақ бауырға біз айтамыз,
Тәртіп сақта, үйден шықпа, сіз байқаңыз!
Алаңдаймыз Біз өзіңе қандастарым,
Бейбіт күнге Бізде бір күн оралармыз!





Пікір жазу