03.06.2021
  427


Автор: Жібек Ысқақова

АНАМА ХАТ



Қолыма қалам алып хат жазамын,
Оқысын бұл хатымды бар қазағым.
Жүрегі ақ, көңілі пәк жан Анашым,
Асыл жансың бұл өмірде сен ғажабым.

Жағдайыңыз жақсы ма, жаным Анам,
Өзіңізбен қуанамын, бақыт табам.
Ыстық сіздің әр сөзіңіз жан емдейтін,
Айлы түнде жұлдыздайын жарқыраған.

Сіз бар кезде күнім де шуақ шашар,
Сіз бар кезде қиындық та бәрі қашар.
Жасай берші амандықта жан Анашым,
Жанымызға жалау болар, нұрын шашар.

Қуанамын болсаңыз сіз қасымда,
Сырласымда өзіңіз, мұңдасымда.
Білесізбе Анашым қуанам мен,
Қуансаңыз күлімдеп сіз қасымда.

Сізге арналар ақ тілек өлеңімде,
Әр сөзіңіз сақталар жүрегімде.
Гүлдей жайнап жүрсеңіз қасымызда,
Гүлді баққа айналар өмірім де...

Амандықта болыңыз, шаршамаңыз,
Өтсе-дағы қанша көктем, қаншама күз.
Өзіңізбен күніміз балдай тәтті,
Бақытты боп өзіңізбен жақсарамыз...
Жібек Искакова




Комментарии

Алтын Абеуова.
Алтын Абеуова. 05.06.2021 06:55
Керемееет! Өлең шумақтары күшті жазылған. Анашыңның өмір жасы ұзақ болып, жүз жасасын. Жарайсың Жібекжан! Жазарың көп болсын. Ең бақытты жандардың бірі бол.

Пікір жазу