03.06.2021
368
КЕЙ АДАМҒА
Қарап тұрсам бұл өмір күрес екен,
Тұңғиыққа кетер адам күреспеген.
Кей адамға күн өтпейді, қызық емес,
Көшпен бірге соңынан ілеспеген.
Кей адамға минут сырғып, сағат өтер,
Таңы атып, зуылдап түні жетер.
Уақыт жетпей, үлгермей жатады олар,
Жұмыстары қауырт боп күннен бетер.
Енді бірі жатып ішер, жұмысы жоқ,
Алға қойған мақсаты, бір ісі жоқ.
Қарны тойса болғаны ұйықтай берер,
Қара суға семіріп, көңілі тоқ.
Кейбір жандар ақшасына кеуде қағар,
Заңды басып белшеден, аузын жабар.
Әкесі дөкей бірінің нағашысы,
Ақшаларын сөйлетіп көңілін табар...
Ал кейбірі жоқтан бар жасап жүрер,
Оқу оқып, маңдай термен өмір сүрер.
Ондайлардың мақсаты бар алға қойған,
Әрбір істің маңызын, жөнін білер.
Ал біреулер мақтаншақ боп келеді,
Мақтай қалса әуенімен тербеледі.
Айналаға қарайды "мақтасын" деп,
Олар үшін "мақтау сөз" ең керегі.
Ал біреулер мейірімді, қарапайым,
Ойлайтұғын басқаның бақыт, жайын.
Қуанышқа бөлейтін адамдар бар,
Мейрімдікпен үн қатып әр күн сайын.
Өзімшілдер тағы бар "өзім" дейтін,
"Ала берсем", "жей берсем" өзім дейтін.
Басқа түгіл, ондай жандар күйде болар,
Жақының көңіл-күйін сезінбейтін.
Болашақтың қамын ойлар әрбір адам,
"Күндеріміз көп болсын"деп жарқыраған.
Бақыт деген байлықта, атақта емес,
Екендігін түсінсе екен барлық адам.
"Бақыт"- деген амандықта жүргеніміз,
Сыйластықта бірге өмір сүргеніміз.
Қуанышта, шаттықта, ынтымақта,
Өте берсін қызықты күндеріміз...
Жібек Искакова
Тұңғиыққа кетер адам күреспеген.
Кей адамға күн өтпейді, қызық емес,
Көшпен бірге соңынан ілеспеген.
Кей адамға минут сырғып, сағат өтер,
Таңы атып, зуылдап түні жетер.
Уақыт жетпей, үлгермей жатады олар,
Жұмыстары қауырт боп күннен бетер.
Енді бірі жатып ішер, жұмысы жоқ,
Алға қойған мақсаты, бір ісі жоқ.
Қарны тойса болғаны ұйықтай берер,
Қара суға семіріп, көңілі тоқ.
Кейбір жандар ақшасына кеуде қағар,
Заңды басып белшеден, аузын жабар.
Әкесі дөкей бірінің нағашысы,
Ақшаларын сөйлетіп көңілін табар...
Ал кейбірі жоқтан бар жасап жүрер,
Оқу оқып, маңдай термен өмір сүрер.
Ондайлардың мақсаты бар алға қойған,
Әрбір істің маңызын, жөнін білер.
Ал біреулер мақтаншақ боп келеді,
Мақтай қалса әуенімен тербеледі.
Айналаға қарайды "мақтасын" деп,
Олар үшін "мақтау сөз" ең керегі.
Ал біреулер мейірімді, қарапайым,
Ойлайтұғын басқаның бақыт, жайын.
Қуанышқа бөлейтін адамдар бар,
Мейрімдікпен үн қатып әр күн сайын.
Өзімшілдер тағы бар "өзім" дейтін,
"Ала берсем", "жей берсем" өзім дейтін.
Басқа түгіл, ондай жандар күйде болар,
Жақының көңіл-күйін сезінбейтін.
Болашақтың қамын ойлар әрбір адам,
"Күндеріміз көп болсын"деп жарқыраған.
Бақыт деген байлықта, атақта емес,
Екендігін түсінсе екен барлық адам.
"Бақыт"- деген амандықта жүргеніміз,
Сыйластықта бірге өмір сүргеніміз.
Қуанышта, шаттықта, ынтымақта,
Өте берсін қызықты күндеріміз...
Жібек Искакова