03.06.2021
293
ДОС БОЛҒЫМ КЕЛЕД(І) СІЗБЕНЕН
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Ақындар жүрген ізбенен.
Қандай жагдай болмасын,
Достықтың жібін үзбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Дос көңілмен іздеген.
Бар жақсыны тілейтін,
Достардан артық жүздеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Үміттің отын үзбеген.
Бұлт үйрілсе де басыңа,
Болатын әркез сізбенен.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Сыйластық сақтап "сіз" деген.
Жақсылығын міндет қып,
Шұбарлап жіпке тізбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
"Мен" емес әркез "біз" деген.
Құлпырған көктем өтсе де,
Бір болатын күзбенен...
Шынайы достық көп болсын,
Қайғыларыңыз жоқ болсын.
Адал достар бар болып,
Амал достар жоқ болсын...
Жібек Искакова
Ақындар жүрген ізбенен.
Қандай жагдай болмасын,
Достықтың жібін үзбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Дос көңілмен іздеген.
Бар жақсыны тілейтін,
Достардан артық жүздеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Үміттің отын үзбеген.
Бұлт үйрілсе де басыңа,
Болатын әркез сізбенен.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Сыйластық сақтап "сіз" деген.
Жақсылығын міндет қып,
Шұбарлап жіпке тізбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
"Мен" емес әркез "біз" деген.
Құлпырған көктем өтсе де,
Бір болатын күзбенен...
Шынайы достық көп болсын,
Қайғыларыңыз жоқ болсын.
Адал достар бар болып,
Амал достар жоқ болсын...
Жібек Искакова