03.06.2021
  206


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Көңілінде бір кірбің бар, жанарлары жасқа толы бір қария атамыз терезе алдында далаға үнсіз қарап отырады. Үнсіз ғана емес, терең ойға шомып, бөлмеге кім кіріп, кім шығып жатқанынан да бейхабар еді. Бар ойы үйінде күніге шығатын ұрыс-керісте еді. Ол ұрыс неден шықты, күніге таусылмайтын бұл қандай ұрыс дейтін болсаңыз ол: "келінінің әкең кетсін үйден, әкеңді таңдайсың не мені, болмаса мен кетемін балдарды алып"- деген сөздері Жомарт атаның құлағына келе береді. Сондай сәт, терезеге қарап ойға шомып отырған кезінде:
- Ата, қалайсыз, жағдайыңыз жақсы ма?-деген дауысты да естімеген Жомарт ата, сол үнсіздік қалпын сақтап отыра берді. Тағы да сол дауыс есік жақтан келіп:
- Ата, сізде бәрі жақсы ма, деп түрткенде ғана бұрылып қарады.
- Ау балам, тыныштық па дейді, көзінің жасын сүртіп.
-Тыныштық ата, менің есімім Қанат болады, сізбен ақылдасып, сөйлескелі келген едім-дейді. Сонда Жомарт ата:
-Айта бер балам, құлағым сенде-дейді.
-Ата, мен сізді үйге алып кетейін деп келген едім, "қарты бар үйдің қазынасы бар"- деген. Менімен біздің үйде тұрыңыз ата-дейді. Сонда көзіне жас алған Жомарт ата:
-Балам, мені бұл жерге өзімнің туған ұлым әкелген еді, мен даңғарадай үйдің бір бөлігіне сыймай, үйді тарылтқан көрінемін, келінімнің сөзінше солай екен- деп көзіне жас алады.
-Ата, сізді жақсы түсінемін, мені бұл жерге біздің үйдегі келініңіз жіберді, біздің үйді толықтырып отыратын "Атамыз"-болсын деп. Атаның әңгімесін естіп өскен балаларымыз жақсы тәрбиелі болып өседі дейді. Сондықтан ата, біз бір-бірімізді толықтырып бір отбасы болайық-деп, маған "Әке" болыңызшы деп сұранып келдім дейді-Қанат. Сонда Жомарт ата:
-Балам, өзіңнің әкең жайлы айтып берші-дейді.
-Ата, мен Әкемнен ерте қалғанмын, яғни, әкем мен бала кезімде қайтыс болып кетіпті, ал Анам осы жақында өмірден озды. Келініңіз біздің үйде Ата-Әже болғанын қалаймын, балаларымыз үшін, өзіміздің толық қанды отбасы болуымыз үшін деген соң, осында келіп отырмын ата-дейді. Сонда Жомарт ата:
-Балам, мен өзім жайлы айтып берейін дей бергенде, жоқ ата, сіз көңіліңізді түсіріп, өз отбасыңыз жайлы айтпаңыз, бізбен жаңа өмір бастаңыз-дейді Қанат. Бұл сөзіне риза болған Жомарт ата, "Өркенің өссін балам",- деп батасын береді.  Сөйтіп Жомарт атамыз Қанат баласының қолына барып, аз күннің ішінде сол үйдің бір мүшесіне айналып үлгереді.  Әр күні қуанышқа, шаттыққа толып, немерелерін ойнатып, "Аташым"- деген сөзіне мәз болып жүреді. Өзінің баласы мен келінін ұмытқандай болғанмен, немерелерін сағынатын іштей. Бірақ Қанатқа сездірмейтін. Таң атқаннан бақытты күйде болып, түнге дейін көтеріңкі күйде болғанмен түн баласы кейде ұйқы аламай, немерелерін сағынатыны да өтірік емес етін.  Осылайша күн артынан күн өтіп, айлар мен жылдар өте береді. Жомарт ата 80 жасқа толғанда Қанат пен келіншегі қатты қуанып 80 жылдық мерейтойын жасап бермекші болғанда Жомарт атаның қуанышында шек болмай, қатты риза болады. 80 жылдық ұлан асыр тойға көптеген қонақтар шақырылады. Қанат бір белгілі компанияның бастығы болатын, бастық деген аты ғана болмаса, ол қарапайым адам бәрі жақсы көретін, сыйлатын. Өз қол астындағы жұмыскерлерді де тойға шақырған болатын. Сол жұмыскерлер арасында Жомарт атаның өзінің туған баласы да бар еді, Қанаттың қол астына жұмысқа жаңадан тұрған еді, коллективпен бірге тойға Жомарт атаның өз ұлы да әйелін алып келеді. Тойдың қақ төрінде отырған өз әкесін көрген ұлы, таң қалады да әкесінің қасына барып:
-Әке, бұл сіз бе? Мен сізді біраздан бері іздеп жүрген едім депті. Әкесі салқынқанды түрде:
-Не үшін іздеп жүрсің мені, мен сендерге керек болмай қалған едім ғой-дейді. Сонда ұлы:
-Әкешім, сіз кеткелі үйдің берекесі кетіп, ісім оңбай теріске кетті, жұмысым жүрмей, жабылып қалды. Ол-олма, немерелеріңіз сізді күнде сұрап, мазамызды алды. Сізді іздеп барсам, сізді таппай қалдым әкешім-деп көзіне жас алады. Сонда Жомарт ата менің енді мені қадірлей білетін өз отбасым бар, олар мені жақсы көреді, сыйлайды. Немерелерім бар "аташым"- дейтін дейді. Міне Аллаға шүкір, 80 жылдық мерейтойымды да жасап беріп жатыр-дейді. Әкесімен сөйлесіп тұрған күйеуін байқап келіні де жетіп келіп:
-Әке, сіз бұл жерде қайдан жүрсіз, сізді іздемеген жеріміз жоқ, бізбен үйге жүріңіз-дейді.  Сонда атасы:
-Тым кеш қарағым, енді менің өз отбасым бар-дейді бір ауыз сөзбен. Солай сөйлесіп тұрған кезде Қанат келіп:
-Әкешім, бұл адам менімен бірге жұмыс істейді ғой,  сіздер таныссыздар ма-дейді. Сонда Жомарт атаның ұлы "ия"- дей бергенде, Жомарт ата:
-Жоқ балам, таныс емеспіз, мені туған күніммен құттықтап келіпті -дейді. Бұл сөзді естіген Жомарт атаның ұлы басы салбырап, әйелін ертіп үйіне үнсіз кетеді. Айдың күннің аманында өз әкесінен айрылған Жомарт атаның ұлы қатты өкініп, жүрегі қатты ауырады. Өз ісіне өкінген ол бармағын тістеп қала береді.
Өкінгеннен не пайда,
Өткен күн қайта келмейді.
Әкенің мұңды жанары,
Жанына маза бермейді.
Ойланайық ағайын, әкені үйден қумақ түгілі, "әкеңе ауыр сөз айтпа"-деген. "Қарты бар үйдің қазынасы бар" қазынаға толы шаңырақты қаңыратып алмайық! "Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді"-дегендей, әрбір істі ойланып барып жасайық... әрбір шаңыраққа таусылмайтын бақ-береке тілеймін, бақытты болу өз қолымызда екенін ұмытпайық ендеше...

Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі: Жібек Искакова. Түркістан қаласы.




Пікір жазу