03.06.2021
434
"ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ" АТАНҒАН ҚАЗАҚ БИІ
"Қаз дауысты Қазыбек би" атанған қазақ биі
"Қаз дауысты Қазыбек би, аты қандай",
Қазақ елін татулыққа шақырғандай.
Қазақ елі Қазыбек бимен мақтанамыз,
Таң арайы шуағын шашып, атырғандай...
Қазақ тарихында аты Алтын әріпке ие, барша адамды таң қалдырып, баршаны аузына қарата білген орта жүздің дана да, дара биі Келдібекұлы Қазыбек би жайлы жазбай, үндемей қалу әрине мүмкін емес. Себебі, атағы әлемге жайылған Қазыбек би сонау бала кезінен-ақ қалмақ қоңтайшысының әр сұрағына өзі бала болса да даналықпен жауап беруі дәлел еді. Алтын әріпті тарих беттеріне үңілер болсақ Қазыбек би атамыз жайлы ғажайыпқа толы қызық деректер өте көп екені рас. Сөзімнің әлқиссасын Қазыбек бидің өмірбаянынан бастар болсам, Қазыбек атамыздың әкесі- Келдібек, ел істеріне араласатын, өлең-сөзге жақын, бойында даналық, даралық пен тапқырлық бар, елге сыйлы адам болған, анасы-Тоқмейіл де ақылды, иман жүзді, әр сөзінде даралық бар, кішіпейіл адам болған деседі. Қазыбек туылған кезде қатты қуанған әкесі Келдібек:«Айналып-толғанып өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нәсібің. Тіліңнен болар кәсібің»-деген екен.
Осындай игі жандардан 1665-ші жылы туылған Қазыбек би әкесінің сөзін растағандай, әрбір сөзін тапқырлықпен тауып сөйлейтін сөзге шешен болып өседі. Ол қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хан тұсында мемлекеттің басқару істеріне араласқан Әз-Тәуке құрған "Билер кеңесінің" мүшесі, атақты сөзге шешен, орта жүздің арғын, қаракесек руынан шыққан төбе биі. Қазыбек атамыз атақты "жеті жарғы" заңын шығаруға ат салысқан. Атақ-даңқы бүкіл әлемге айқын болған Қазыбек би атамыз жайлы мақтанышпен айта аламыз. Себебі, жастар жағы, өсіп келе жатқан бүлдіршіндер, болашақ ұрпақтарымыз Қазыбек би атамыз жайлы тарихын біліп, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып, атамызды мақтан тұтып, айтып жүрер болса, әрине қазақтығымыз жойылмай, қазақ елінің мерейі үстем, жоғары болатыны анық. Себебі, кезінде даналығына тәнті болған Қазыбек би атамызды Чиң империясы өз жағына өткізуді мақсат етіп, көп алтын, ақша, байлық жіберген екен. Өз елін, жерін ақшаға сатпаған дана биіміз әрине өз елінен, өз халқынан жыраққа кетпей, ел басқару ісінде қазақ хандарының қасынан табыла білген дара би болған. (Қазіргі таңда қалай, ел басқару ісімен айналыса жүріп, елдің, халықтың ақшасын жеп, мемлекет байлығына қол салып, шет елге қашып кеткендер қаншама десеңізші.) Осындай отанын сатқан адамдар Қазыбек бидің тарихын оқып, үлгі алса екен дейміз. Себебі, Қазыбек би алтынмен аптап, күміспен қаптаған қытай елі, Чиң империясынан да, бала кезінен елшілікке барған Қалмақ ханының ұсынысынан да бас тартып, өз елін, өз халқын таңдаған дана би. Сөзге шешен болған дана да дара биімізбен Қазақ елі әрине мақтануымыз керек деп ойлаймын....
Осы орайда, Қазыбек атамыздың қалмақ ханымен бала кезінде кездескен ең алғаш елшілік қызметін айтып кетпеске болмайтын шығар. Қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабдан қазақ елін үш рет шауып алғанда малдан бөлек, қазақтың бірталай ұл мен қыздарын алып кеткен екен. Қазақ ұл-қыздарын өз жерімізге қайтаруын талап етіп қаншама адамдар жібергенмен ешқандай нәтиже шықпаған көрінеді. Сонда қазақ билері жиналып Тәуке ханның алдына барып: "Ұлымыз құл, қызымыз күң болып кетеді ме?, қол жинап бір шайқассақ қайтеді"- депті. Сонда Тәуке хан: "Біз әліде мықты елшілер жібермедік, ең мықты елшілерді жинаңдар!"- депті. Олардан да нәтиже шықпаса, онда шайқасқа шығатын боламыз-депті. Бұл жұмысты Қазыбектің әкесі Келдібек биге жүктейді. Сол аралықта Келдібектің қолы тимей, елшілікке бара алмайтын болып, ұлы-Қазыбекке келеді. Ұлының ойын білгісі келіп сынайды.
-Балам сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы, -депті.
-Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі болам-дейді-баласы.
-Балам, сенің осылай, асық ойнап жүргенің жақсы ма, әлде жақсылармен ел аралап, жер көргенің жақсы ма?-депті. Сонда Қазыбек:
-Асық ойнап жүретін көңілді бала шағымды да қимаймын, бірақ жақсылармен ел аралап, жер көріп, сөз танығаным жаман болмас- депті. Содан қасына он кісіні ертіп, астына "Телқоңыр" атын мінгізіп, Қазыбекті ханға жібереді. Хан Тәуке бір топ адаммен бір дөң үстінде тұрған екен, Қазыбекте оншақты адаммен қасына келіп, сәлем береді. Сонда хан:
-Балам сен кімнің баласысың?- деп сұрайды. Сонда Қазыбек:
-"Келдібектің баласымын, Атым-Қазыбек"-деп жауап береді. Сонда хан тағы да сұрағын жалғастырып:
-Балам, сен қайда барасың?-дейді.
-"Мен ауылда жүрген балалардың басшысы едім, енді Ағалардың атшысы болайын деп келдім, тай бәйгесін, құнан бәйгесін көрген едім, енді ат бәйгесіне қосылғалы келдім"-дейді. Сонда хан қарқылдап күліп:
-Жақсы балам, бара ғой, тайың да жақсы екен, ойың да жақсы екен-депті. Содан Тәуке хан тағы да Қазыбектің ойын білгісі келіп:
-Балам, сен басшы болғың келеді ме, әлде атшы болғың келе ме?-депті. Қазыбек ойланбастан:
-Маған басшы болу не тәйірі адуынды ағалар тұрғанда, мені атшы етіп жіберіңіз-депті. Оның ойын білген хан: ал балалар барыңдар, Басшыларың- Тайкелтір би болсын, атшыларың-Қазыбек бала болсын, ал жолдарың болсын- деп, шығарып салады. 14 жасар бала осылайша алғашқы елшілігіне жол тартады. Жоңғар жеріне барғанда қоңтайшысы бір үлкен қарияға келген елшілер арасында қорқыныш тудыратын адамдар бар, жоғын бақылап келуін сұрайды. Елшілер ордасына барып, бақылаған қария, елшілерден ешқандай қауіптің барын байқамай, ат қораға келсе аттардың ортасында шалқасынан түсіп ұйықтап жатқар Қазыбекті көреді. Оны көріп, шошып кеткен қария, қоңтайшыға келіп:
-Елшілер арасынан ешқандай қауіп көрмедім, тек атқорада ұйықтап жатқан баланы көріп қорқып кеттім-дейді. Сонда қоңтайшы неге қорыққанын сұрайды.
-Он төрт, он бес жасардай бір бала ат қорада, екі қолы мен екі аяғы екі жақта, шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр, қасына барып бақылап қарағанымда: Ауызынан жалын шығып жатыр. Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, сөйлегенде халықты өз аузыма қаратамын" деп, жатыр екен-дейді. Сонымен, Қоңтайшының алдына барған елшілер күмілжіп тұрғанда босаға жақта тұрған Қазыбек "Дат тақсыр!"-депті алға шығып:
Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Қазыбектің шешендік сөзіне тәнті болған қалмақ ханы: "Дауысың қаздың дауысындай екен, сенің атың бұдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын"- деп, қазақ жерінен басып алған бүкіл мал мен жанын қайтарып беріпті деседі. Содан бері Қазыбек, "Қаз дауысты Қазыбек" атанып кетіпті... Дәл осылай Қазыбек би Жоңғар еліне үш рет елші болып барған екен. Сонымен қатар Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда да Қазыбек би елшілік қызметімен барып, босатуға ат салысқан екен.
Ия, Қаз дауысты Қазыбек би атамыз жайлы айта берсек әрине көптік етпейді. Қазыбек атамыздың мына даналық сөзі әр қазақ баласының есінде деп ойлаймын: "Алтын ұяң-Отан қымбат, Құт, береке-Атаң қымбат. Мейірімді, -Анаң қымбат, Асқар тауың,-Әкең қымбат. Туып, өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің-қымбат. Ұят пен ар қымбат, өзің сүйген жар қымбат"- деген сөздері ең қымбат нәрселерді айқындап, соларды бағалай білу керектігін есімізге салардай үлгі өнеге беріп, әр жүректен орын алатыны анық... Біз қазақ елі Қаз дауысты Қазыбек би атамызбен мақтануымыз керек, себебі Қазыбек би қазақ хандарымен бірге болып, әділ де шыншыл төрелігін шешен тілімен жеткізе білген қазақ халқының аты Алтын әріппен тарихқа енген атақты биі. Қазыбек би Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде Ахмет Яссауи мен қазақ хандарының қасында жерленген. Айта кетер болсақ,қазіргі таңда бұл кесенеде қазақтың 21 ханы, 8 сұлтаны, 18 биі мен 30 шақты батырлары жерленген.
Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі: Жібек Искакова Түркістан қаласы.