03.06.2021
505
АНА ҚАДІРІ (Болған оқиға желісімен)
2)
Ана қадірі
(Болған оқиға желісімен)
Әмина апа өз ісіне тиянақты, үй-ішін тап-тұйнақтай таза ұстайтын, үйінен шашылып жатқан бір нәрсе көрмейсің, шаң-тозаң тіпті атымен жоқ. Отбасының ұйтқысы болып отырған аяулы Ақ жаулықты Ана. Ия қиындықты көп көрсе де, күйеуінің "неге біріңғай қыз туа бересің?!"-деп қайта-қайта айта беретін сөздері де Әмина апаны мұңайтып, өмірден түңілдірген емес. Қыз демекші, Әмина апа қатарынан арасын бір жас, екі жас етіп 10 қызды өмірге әкелген көп балалы Ана, Күйеуінің айтқан сөздері жанына қатты батса да күйеуіне қарсы сөйлеп, дауыс көтерген емес, күйеуінің әр ісін қолдап жүретін, сол себепті де Әмина апаның күйеуі Әмина апамен ажырасуды да ойламаған, ерін қалай сыйлауды, ерін қалай құрметтеуді білетін әйелден кім бас тартсын десеңізші?! Әмина апаның күйеуі де жаман адам емес, адамгершілігі жоғары, қатал мінезді жан, өзінің сөзін өткізе білетін ел сыйлайтын жан болатын, тек сол тентек суды ішкенде ғана "менің ұлым жоқ"- деп айтып, Әмина апаның миын житіні болмаса... ия бірін айтып отырып біріне кетіп қала бердім-ау, менің айтайын дегенім сол Әмина апаның үй шаруасына пысық, қонақ күткенді қатты ұнататыны жайлы еді, үйінен қонақ кетпейтін, екі күннің бірінде қонақтар келіп, өзінің кең пейілімен арқа, жарқа болып ойнап-күліп қонақтарын шығарып салатын.... қыздары болса біріне бірі қарап өсе берді күн санап сұлулана...
Әмина апа барлығына үлгеретін, үйін де тазалап, қыздарына да қарап, күйеуінің де көңілін тауып, қонақтарды да шақырып бәрін жасай беретін, шаршағанды білмейтін, солай күндер өтіп жатты, Әмина апа тағы да жүкті болып он бірінші баласына аяғы ауырлайды... сонда да шаршағанды білмейтін апамыз өз істерінен жаңылған емес. Қыздары да бір-біріне бауырмал, үлендері кішісіне қарап Аналарына жәрдем беріп жүретін.
Осылай күн артынан күн өтіп Әмина апамыз шекесі торсықтай ұлын өмірге әкелді, Әмина апаның күйеуінің қуанышында шек болмай, әйеліне рахметін, алғысын айтып, тойлатып, думандатып арқа-жарқа болды, ия расыменде бұл үлкен қуаныш еді, он қыздан кейінгі жалғыз ұлы. Ұлына "Аңсар"-деп ат қойды. Қанша уақыттан бері аңсаумен туылған ұл болғасын. Әкесі тіпті ұлының бетінен қақпай, ешкімге ұлына қарсы сөйлетпей, "Аңсарға қарса сөйлемеңдер, ұлым не айтса да заң"- деп отыратын. Осыны естіп өскен бала ерке, тек қана менікі дұрыс деп өсті. Осылай күн артынан күн өтті, ай артынан ай, қаншама жылдар өтіп үлкен қыздар жағы шетінен тұрмысқа шығып, сол аралықта Әмина апаның күйеуі де өмірден өтіп бар ауыртпалық Әмина апаға жүктелді. Тоқтамай жұмыс жасай жүріп үйдің тірлігін де қатар алып жүріп барлық қызын тұрмысқа беріп, тойын, құдалығын барлығын атқарып, жалғыз ұлының астына соңғы үлгідегі көлігін де алып берді. Міне Әмина апа осындай күйбең тірлікпен әр күнін өткізе берді, бір күні жалғыз ұлын да үйлендірді. Өзінің әрбір сөзін дұрыс деп өскен Аңсар үйленген соң Анасына қарсы сөз айтып, көңіліне келетін іс жасай бастайды. Алған әйелі жалқаудың нақ өзі болып, үй тірлігін жасамайтын, жайбасар болып шықты. Оған Әмина апа шыдап қарап отырсын ба, "үйді жина, уақытылы ыдысты жуып қой"- деп айтса ана жерде қарап тұрған ұлы-"Апа істейді ғой, несіне араласа бересіз?!"-деп әйелін жақтап шыға келетін. Ұлының бұл ісіне Әмина апаның жүрегі ауырып, іштей қынжылып жылап та алатын, бірақ Әмина апаны түсінетін кім бар дейсің, жалғыздан жалғыз жаны ауырып өз өзімен мұңайып жүре беретін. Ия қыздары бар ғой, олар қайда дейтін боларсыздар, қыз "жат жұрттық"-дейді емес пе? Қыздарының көңілін түсірмейін деп оларға көп жайды айта бермейтін еді. Олар бәрібір үйде не болып жатқанын білмейді де ғой, өз көзімен көрмеген соң, оларды араластырмайын деп қыздарына ештеңе айтпайтын іштен тынып... Осылай күн өткен сайын, келіні әр баланы туған сайын еркелігі көбейіп тек ұйықтаудан қолы босамайтын болды. Үйдің іші нас болып, шаң-тозаң, ыдыстар шашылып кеткен. Әмина апа қашанғы бәрін айта берсін, әр айтқан сайын үйде ұрыс шығатын... өзі істей берейін десе бұрынғыдай қауқары да болмай, үйдің ішінің шашылып жатқанына шыдай алмай ақырында қалаға кетуіне тура келді. Отбасы бұрынғыдай жарқырап тұрған жоқ, бұрын көп келетін қонақтары да жоқ болып кеткен, қуанышты сәттер азайып кеткендей. Расыменде, азаннан кешке дейін ұйықтай беретін келін бар үйге кім келе берсін үйі шашылып жатса аяқ басып кіретін жері болмай. Өз үйінен өз еркімен қалаға кеткен Әмина апаның құлағы тынышталып, өз өзімен жалғыз өмір сүре берді, сонда да үйіне алаңдаумен болады. Қайтсін Ана жүрегі алаңдамай тұрсын ба?! Осылай Анасының қадірін білмеген ұлы қоңырау шалып жағдайын сұрамайды да. Анасының жасаған әрбір ісі ұмытылып кеткендей болды. Сонда да Әмина апа өмірден түңілген емес. Қайда жүрсе де жүрген жері думан болатын. Қыздарының үйіне қыдырып барып тұрады, өзінің пенсиясы бар, араласатын жақын достары бар, аздап қолынан келгенінше жұмысын да жасай жүреді. Арасында үйіне де барып тұрады немерелеріне тәттілер апарып беріп қуантып қояды.
Анасының қадірін білмейтін ұлы солай бей қам өмір сүріп жүрген кезде қрңырау соғылады:
-Алло, сіз Әмина деген апаның ұлысыз ба?!
-Ия мен ұлымын, есімім-Аңсар
Сіздің апаңызды көлік қағып кетті, больницаға түсті, апаңызға ота жасайын деп жатырмыз, бірақ апаңыз сізбен сөйлесіп алайын деп рұқсатын бермей отыр дейді де телефонды қоя салады...
Қатты қорқып кеткен Аңсар лезде қалаға жол тартып апасының қасына барады.
Арада біраз уақыт өтіп кеткен еді, Әмина апа әлсіреп жатқанда ұлы Аңсар кіріп келеді.
-Апа сізге не болды?
-Жағдайыңыз жақсы ма?-деп жылап жібереді.
Сонда апасы:
-"Балам қара шаңырақтың түтінін сөндірме, үй ішінің тазалығын қолға ал, үйден бұрынғыдай қонақ арылмайтын болсын"- дейді. Менің қанша өмірім қалды дейсің, саған айтар жалғыз аманатым осы болсын дейді... баласы:
-Ия апа, сіздің айтқаныңыздай болады, тек жазылып өз үйіңізге оралыңызшы, мені кешіріңізші, жалғыз ұлыңыз үмітіңізді ақтамады ғой, бірақ апа сізге уәде берем, енді бәрі сіз айтқандай болады-деп бетінен сүйеді... осы сөзді естіген Әмина апа: мен сені кешірдім ұлым, енді бізде бәрі жақсы болады деп-қолын қысады...
Осылайша Әмина апа жазылып больницадан шыққанша ұлы үйін өз қолына алып, әйелімен жақсылап сөйлесіп, үйін мұнтаздай етіп жинатқызып қояды. Апасы үйіне келгеннен бастап үйінің берекесі кіріп, үйінен баяғыдай қонақтар арылмай келе бастайды...
-Апа сіз жоқта үйіміз қаңырап қалған еді, міне сіз келіп үйімізге қайтадан жан бітті-дейді Аңсар.
Бұған қатты қуанған Әмина апа:
-Пейнеттің зейнетін көруге жазсын дегендей, шүкір міне менің өмірімде қайтадан бүршік жарып жатыр, рахмет ұлым, бәрін түсініп, өз орнына қойып жатқаныңа деп ұлын құшақтап, мәз болады....
Бұл жерде менің айтпағым, "қолда барда алтынның қадірі жоқ" дегендей, кейін өкініп, сан соғып қалмас үшін қолымызда бар алтынды қадірлей, қадіріне жете білейік тым кеш болмай тұрғанда дегім келеді...
Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі:Жібек Искакова. Түркістан қаласы.