03.06.2021
  483


Автор: Жібек Ысқақова

ҚУАНТҚЫМ КЕЛЕДІ

Қуантқым келеді

Қуантқым келеді, күндей боп нұр шашып,
Қуантқым келеді, жүрекпен үн қатып.
Мейрімді сөзіммен демеу боп баршаға,
Қуантқым келеді, өлеңмен жырлатып...

Қуантқым келеді, ақ ұлпа қардай боп,
Қуантқым келеді, ататын таңдай боп.
Ең жақсы сөзіммен баршаға үн қатып,
Қуантқым келеді, тәп-тәтті балдай боп.

Қуантқым келеді, көктемнің күніндей,
Қуантқым келеді, бұлақтың үніндей.
Бұлттай боп жай ғана, жауын боп себелеп,
Қуантқым келеді, көктемнің гүліндей.

Қуантқым келеді, жайдарлы жаз болып.
Қуантқым келеді, балаша мәз болып.
Қуансын барша адам шаттыққа бөленсін,
Бақытқа кенелсін, қайғы-мұң аз болып.

Қуанғым келеді, оң болып әрбір іс,
Қуанғым келеді, сыйласып сіз бен біз.
Жақыным, туысым, достарым бәріңді,
Қуантқым келеді, шынайы, жүзбе жүз...

Жібек Искакова




Пікір жазу