03.06.2021
594
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!
Мен жастарға сенемін!
Жанарында жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Байрағын төмен түсірмей,
Алға қарай адымдар.
Мен жастарға сенемін!
Адалдықтан таймайтын,
Елінің қамын ойлайтын.
Үлкенге құрмет көрсетіп,
Кішіге ізетін жоймайтын.
Мен жастарға сенемін!
Бар жақсысын беретін,
Жақсылыққа сенетін.
Күн нұрындай шуағын,
Барлық жанға төгетін.
Мен жастарға сенемін!
Құлпыратын көктемдей,
Көмек берер өткелдей.
Мұңайғанға дем берер,
Қуанар күн жеткендей.
Мен жастарға сенемін!
Жаздай жаны жайнайтын,
Қателікке бармайтын.
Қолдап әркез бір-бірін,
Үзілгенді жалғайтын.
Мен жастарға сенемін!
Қара бұлт басып аспанды,
Мұңайтса да жас жанды.
Қадамын басып сеніммен,
Бағындырар асқарды.
Мен жастарға сенемін!
Елім дер, менің жерім дер,
Желбіретіп байрағын.
Бар әлемге танытар,
Қуантып ауыл, аймағын.
Мен жастарға сенемін!
Жібек Искакова
Жанарында жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Байрағын төмен түсірмей,
Алға қарай адымдар.
Мен жастарға сенемін!
Адалдықтан таймайтын,
Елінің қамын ойлайтын.
Үлкенге құрмет көрсетіп,
Кішіге ізетін жоймайтын.
Мен жастарға сенемін!
Бар жақсысын беретін,
Жақсылыққа сенетін.
Күн нұрындай шуағын,
Барлық жанға төгетін.
Мен жастарға сенемін!
Құлпыратын көктемдей,
Көмек берер өткелдей.
Мұңайғанға дем берер,
Қуанар күн жеткендей.
Мен жастарға сенемін!
Жаздай жаны жайнайтын,
Қателікке бармайтын.
Қолдап әркез бір-бірін,
Үзілгенді жалғайтын.
Мен жастарға сенемін!
Қара бұлт басып аспанды,
Мұңайтса да жас жанды.
Қадамын басып сеніммен,
Бағындырар асқарды.
Мен жастарға сенемін!
Елім дер, менің жерім дер,
Желбіретіп байрағын.
Бар әлемге танытар,
Қуантып ауыл, аймағын.
Мен жастарға сенемін!
Жібек Искакова