03.06.2021
  250


Автор: Жібек Ысқақова

ЖАЗИРАЛЫ МЕКЕНІМ, ТУҒАН ЖЕРІМ

Жазиралы мекенім, туған жерім

Жазиралы мекенім, туған  жерім,
Бір сен үшін шығатын маңдай терім.
Балалығымның куәсі, шалалықтың,
Ойын ойнап қыр  асып, өскен белім.

Туған  жерден бойжетіп көшкен елім,
Бір өзіңнен табамын жанға емін.
Хош иісің тым қымбат баурап алар,
Тым алыстан сезілетін маған демің.

Табиғаты тамаша, жанға  азық,
Бір өзіңе арнаймын өлең жазып.
Мен әлсізбін, өзіңнен жырақ жүрсем,
Туған жерде қуаттанам, күшім тасып.

Туған жердің  ауасы нәр беретін,
Өн бойыңа қуатын, әр беретін.
Жанға жайлы күні мен түні қандай,
Әсем әуен үнімен тербелетін...

Туған жерден түлеп ұшқан бір гүлімін,
Бозторғайдай шырылдайтын бір үнімін.
Елін, жерін сүйетін, құрметтейтін,
Қарапайым, ақ көңіл бір қызымын.

Туған жерде батылданам, мықты болып,
Туған жерде бақыт табам шаттық толып.
Туған жерім жасай берші мәңгілікке,
Ай, жұлдызың күлімдеп, бақыт қонып.

Біз қыздары-туған жердің қамын ойлар,
Біз қыздары- жақсылығын бірге тойлар.
Қиындықтар болып жатса өскен жерде,
Мұңаямыз жанды жеп небір ойлар.

         Жібек  Искакова




Пікір жазу