03.06.2021
576
КҮЗДІ СҮЙЕМ
- КҮЗДІ СҮЙЕМ"...
(Әннің әсерінен туған мөлтек сыр)
Бүгін күн, ауа-райы жақсы болып, саябаққа серуендеуге шыққанмын. Айнала сары жапырақтар. Бір сағынышты сездіреді. Қыз бен жігітте баяу әңгімелесіп кетіп барады. Өздерімен өздері, бұл әлемде тек екеуі ғана сияқты. Жігіт:
- Күз деген сиқырлы әлем ғой, қандай ғажап қарашы?!
Қыз:
- Ия, күз деген сағыныштар мекені, мен күзді ұнатамын!-дейді.
Жігіт:
- Мен де күзді ұнатамын!
- Екеуміздің пікіріміз бір жерден шықты ғой.
Жігіт:
- Мен күзді ұнатамын және бір қызды ұнатамын!
Баяу жүріп бара жатқан қыз тоқтай қалып, таңырқағандай қасындағы жігітке:
- Қандай қызды ұнатасың?-деді.
Жігіт қызға тіке қарап:
- Менің қарсы алдымдағы қызды!-деп жауап берді. Бойжеткен сыңғырлай күліп жіберді.
- Аа солай ма?! Тұра тұр, әлеуметтік желідегі "Күзді сүйем" деген әнді тыңдаған болдың ғой онда?
- Тыңдап қана қойғам жоқ, жүрегімен сақтап алдым.
- Ал оны кім жазғанын білесің бе?
- Білемін, өлеңін жазған ақын Айдар Сейдәзім.
- Әнін ше, әнін?
- Әнін ақын, сазгер Әкім Ысқақ! Ал әнші Асхат Әмірғалидің орындауында, үш өнер иесінің бірлестігінде ән керемет шыққан. Ия керемет, осы әнді жүрегіммен, жаныммен тыңдай берем. Тыңдаған сайын күзді де, мына әлемді де өте жақсы көріп кетемін.
Қыз ұялы телефонын алып, "Күзді сүйем" әнін қосқанда, әдемі әуенге елітіп кеткен екі жас та бірдей шырқай жөнелді. Дауыстары қандай керемет!
- Күзді сүйем,
- Жо-жо-жоқ сізді сүйем!
Екеуі де еркелей, наздана әндетуде.
Қайырмасына келгенде шыр айнала билеп кетті...
Шынында да, ән де осындай сиқырлы болады екен-ау?! Екі жасты табыстырып, бір-біріне одан да жақын еткен мына әнді қалай жақсы көрмейсің?!
Мен де күзді сүйем ендеше! Күзді емес, Сізді сүйем...
Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі: Жібек Искакова. Түркістан қаласы.