02.06.2021
865
Шілдехана тойында тілек
Әрбір әкенің арманы – артынан ұрпақ қалдыру, ал ана арманы – сәби сүю. Міне, бүгін Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болып, дүниеге іңгәлап сәби келді. Шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген балапанның бауы берік болсын! Тезірек ер жетіп, ата-анасының қолғанаты, бауырларының арқасүйер қамқоршысы болсын. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген дана қазақ. Сәбидің күлкісі – біздің бақытымыз, шаңырақтың берекесі. Ендеше, Жаратқан иеміз отбасыларыңызды осы бақ-берекеден айырмасын! Бөпенің артынан іні-қарындастары ере берсін! Ең бастысы, атаның емес, адамның баласы болсын дегім келеді. Барша тойдың басы шілдехана құтты болсын! Мына жиналған баршамызға жұғысты болсын