01.06.2021
6257
Бастауыш ұстазға алғыс өлең
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш апайларым жас жадымда!