31.05.2021
  183


Автор: Тұманбай Молдағалиев

Кінә қойма, жақсы дос,енді маған

Кінә қойма, жақсы дос, енді маған,
Мұнарланған даламнан кеңдік алам.
Биіктенем қарап ап тауларыма,
Жылау үшін өмірге келді ме адам?
Жоқ, келгем жоқ дүниеге жылау үшін,
Елімдікі бойдағы бұла күшім.
Мен шыққанда саңқылдап сахнаға,
Үнсіз ұйып тыңдайды үлкен-кішім.
Салғырттықты сара жыр қуалады,
Тау биігі мекенім, гүл алабы.
Үнсіз тыңдап жырымды балаларым,
Бір бақытты көргендей қуанады.
Бүгін, міне, заң басқа, заман басқа,
Беріп бақтым қол ұшын әман досқа.
Жақсылық боп көрінсем жамиғатқа,
Керек маған қандай бақ одан басқа?!





Пікір жазу