31.05.2021
  170


Автор: Тұманбай Молдағалиев

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жүмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...





Пікір жазу