31.05.2021
728
Қыс
Көктемде әнші құстар кеп қонатын,
Колхоздың айналасы бақ болатын.
Конақ қыс ала келіп базарлығын
Кигізді ұлпа қардан ақ халатын.
Түтеген бораны да ере келіп,
Тулайды алай-тулей дөнгеленіп.
Таң ата саябырлап тыным алып,
Тұрады таңғажайып түрге еніп.
Айнала бір де қара дақ көрінбей,
Қанатын ызғарлы жел қақты ерінбей.
Кіршіксіз күміс қарға көз тұнады
Басталмаған оқушы дәптеріндей.