31.05.2021
241

Тарылып ой тынысы
Тарылып ой тынысы,
Шабыт демі,
Қала ма қазылмай-ақ бақыт кені?!
Қас қағым өткен сайын
Қыл бұғаудай
Барады буындырып уақыт мені.
Бәсеңдеп жүрек-жырдың жақсы ырғағы,
Орындап үлгерем бе тапсырманы?!
Апыр-ай жаман екен,
Жаман екен
Ғұмырдың шуығаны,
Апшырғаны!
Даңқ па?
Ол ғасыр мен жылдар ісі.
Болса ғой адамның тек бұлдар ісі.
Барады көз алдымда апшып, шуып
Бальзактың, беу, шегірен былғарысы!