31.05.2021
192
Қызғанам деп қызылын
Қызғанам деп қызылын,
Келіп едім жарғызбай.
Енді, міне, қызығым
Үсік шалған қарбыздай!
Жасыдым ба жасуын,
Өтейін деп парызды,
Ашу емес ашуым,
Піскен пияз тәрізді.
Уақыт мол деп жүр едім,
Сол уақытым қалмады-ай!
Көпті көрген жүрегім
Бұршақ ұрған алмадай!
Бірақ сөйткен жүрегім
Алған емес жалбақтай...
Тфә! Тфә! Жігерім
Нағыз түйе жаңғақтай!