31.05.2021
  229


Автор: Қадыр Мырза Әли

Не қиындық кездессе де жолыңда

Не қиындық кездессе де жолыңда
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында.
Он арудың бірі сені сүйеді,
Ең сұлуы емес бірақ оның да!
Не қиындық кездессе де жолыңда
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында,
Он дарынның бірі ғана өседі,
Ең күштісі емес бірақ оның да!
Не қиындық кездессе де жолыңда,
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында.
Он ойыңның біреуі іске асады,
Ең керегі емес бірақ оның да!
Жалғыз ғана сен емессің қоғамда,
Жалғыз ғана мен емеспін қоғамда.
Онның бірі — мыңның бірі емес қой,
Шүкір де, дос!
Шүкір де, дос, оған да!





Пікір жазу