31.05.2021
  146


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жазираның жұрты да

Жазираның жұрты да
Жазда сағым кешеді.
Қызыл қоңыр бұлты да
Құм сияқты көшеді.
Желпілдеген кекілді
Желмен тарап жүресің.
Ақша бұлты секілді
Аспандағы күресін.
Тал түстегі аспаны
Тұзды көлден аумайды.
Тас төбеден асқан күн
Бір жамбасқа аунайды.
Бұл ғана ма
Басқа да
Ұқсастығы бар тағы.
Аспан дейміз,
Аспан да
Даласына тартады!





Пікір жазу