31.05.2021
  205


Автор: Қадыр Мырза Әли

Екі сурет

Анасынан қасиетті сүт емген
Азаматтан тек жақсылық күтем мен...
Қолдарына бір-бір шөлмек ұстаған
Екі жігіт атып шықты дүкеннен.
Сырқатымның таппағандай бір емін,
Тап сол күні көңілсіздеу жүр едім.
Әлгілерді көрген кезде,
Бауырым,
Шаншып кетті
Бүйрегім мен жүрегім!
Қаншама жыл көңілімде қыстаған
Есіме анау соғыстағы түсті адам:
Қайран, ерлер,
Қайран, батыр жауынгер,
Шөлмек емес,
Граната ұстаған!





Пікір жазу