Сәуірбек көке
Тоқсаныншы жылдың тамыз айы болу керек, қазақтың қаранар қаламгері Сәукең – Сәуірбек Бақбергенов жетпіс жасқа толып, туған жеріне табан тіреген. Жанында саф алтындай сарғая сораятын, селдір шашын сулап кері қайыратын Сафуан Шаймерденов бастаған Рамазан Тоқтаров, Тұтқабай Иманбеков және бірер жазушы бар. Біз Жазушы¬лар одағының облысаралық бөлімшесінен ілескенбіз.
Созақ ауданының орталығындағы “Мың¬жылқы” Мәдениет сарайында керемет кеш өтті. Сафуан ағамыз қазақ әдебиетінің әлеуе¬ті, әлем жүзіндегі алар орны, оқырман деңге¬йі, Сәукең сынды қаламдас-қанаттасы және оның шығармалары хақында шешіле серпі¬ліп, шешен көсіліп, сарайға лық толған жұрт¬тың жанын байытып, жүректерді қозғап өтті. Сәукеңнің сырлас, сыйлас інілері һәм Саф¬ағаң әуеніне әуезе үстеп, үйлесім шіркініңіз әзелдегі Әуезов елтіген, ерекшелеп ен тағып кет¬кен созақы күйдей кенен шертіліп, бозін¬гендей иіп кеп-кеп берсін-ай.
Ал Сәуірбек көкеміздің туған жерге, кін¬дік қаны тамған топыраққа деген перзенттік сүйіспеншілігі, сазды қырағатынан-ақ сезіл¬ген сағынышы талай-талай жанарларды жасау¬ратқан.
Жетпіс жасқа толып, еліне есеп берген Сәуірбек Бақбергеновтің алдына ауыздығын қарш-қарш шайнаған ақбоз ат көлденең тар¬тылды. (Ол жылдары темір көлікпен мара¬пат¬¬тап, кілтін берудің ауылы әлі алыстау¬тұ¬ғын). Ақ киіктің сирағына сапталған сегіз өрім қамшы сыйлады созақтықтар. Түйе жүнінен тоқылған шекпен жабылды иығына. Сафуан Шаймерденовке ақ бота жетектетудің белгісі ретінде ақ конверт ұсынылған. Алма¬тыдан келген өзге кісілерге бір-бір сағат тағылған.
Кешкі тамақтан кейін Шолаққорғанның қарапайымдау қонақ үйінде Сәукең мен Сафекеңдерге ілесіп, астанадан жеткен бір жазушыңыз көтеріңкі көңілімізді су сепкендей басты. Мұндай-мұндайды да кейде келтіре кеткеннің артықтығы болмас.
Әлгі жазбагеріңіздің аты-жөнін атамай-ақ қоялықшы. Н. делікші. Сол Н. қарама-қарсы бөлмеден дауыстап: “Маған кеп кетші!” деді. Кірсек, кереуетте шалқалап жатыпты. Тіпті топылиын да шешпеген. Шалқалай шіреніп: “Әй, сен мәз-мәйрамсың ғой тіпті?!” деді кекетіп. “Енді, аға, кешіміз жақсы өтті. Екі ақ¬сақалымыз да, жұрт та риза. Соған қуана¬мыз дә”, дедік.
Н. сол күйі орнынан тұрмады. Жылтыр қара бет-жүзі, қарауытқан еріндері қуқыл¬данып, діріл буғандай көгереңдеді. Тіксінің¬кі¬реп, іш жидық. “Мәз-мәйрам болмағын сен! – деді әлгі ағамыз. – Жегеніміз бір асым ет, таққанымыз браслет дегендей боп қайтатын түріміз бар. Әдебиетте бұлай жүруге болма-а-а-айды!”.
Қаншама үндемес, жуас атымыз шықса-дағы, шыдамның да шегі бар. “Әдебиетте қалай жүруді тап мына сізден сұрамаспыз! Ал көкейіңізді кеміріп жеп бара жатқан конверт мәселесіне келсек, дүние өртеніп кетсе-дағы беріңдер деп айта алмаспыз, өздері ұсынып жатса, қайтармаспыз”, деп бөлмесінің есігін тарс жаптық.
Ертеңіне түк болмағандай жылмаңдайды. Оң жағымыздан бір, сол жағымыздан бір сөйлейді келіп. “Кешір-әй, сен. Кешегі ән¬ше¬йін әзіл ғой”, дейді. Одан бетер қусырыла тырыстық.
Сәукеңнің шекпені сол қолымызда, қам¬шысы оң қолымыздатұғын. Әзіл-қалжы¬ңы¬мыз қаттырақ кететін ауатком төрағасы Ша¬ла¬тай Мырзахметов (бүгінде білдей Мәжіліс депутаты) түнерген түрімізге қарап, тұтқиыл¬дан тиісті. Қалжыңы онша орынсыз емес-ті. Бірақ, өзімізді өзіміз ұстай алмай, Шалатай¬дың қыртысы қалыңдау жон арқасынан Сәу¬кеңнің сарқоңыр қамшысымен салып кеп жібергенімізді бір-ақ білдік.
Аңғарғандар аң-таң. Рамазан аузын аң¬қайтқан. Тұтқабайдың таңырқауы одан бетер. Өзгелер онша байқамаған. Озыңқырап кет¬кен бәрі де. Сөйтіп, Н-ның ашуын Шәкең¬нен алғанбыз. Н-ға да рахмет. Соның себебі¬нен “Ауатком төрағасын сабаған” атымыз қал¬ды. “Үндеместердің бұрқ етіп тасығаны қиындау болады. Қайын ағамыздың қамшы салғаны рас”, деп Шәкеңнің өзі арқасын қиқаңдатып, анда-санда айтып қояды екен сол оқиғаны.
Екінші күні екінші шатақ шыққан. Созақтың бір қиырында, Сәукеңнің жақын бауырының үйінде, түнгі сағат бірден өте, біразымыз ұйқыға жата бастаған шақта, жетпіске толған мерейтой иесінің өзі әскер¬дегідей, взвод командирінше бұйрық беріп, жолға жиналдық.
Дала шырттай қараңғы. Тамылжыған та¬мыздың соңында жарық жұлдыздарыңыздың жер жарықтықтан жырақтап кететінін кім білген?! Алдымызда атақты Тұрлан асуы. Қа¬ра¬таудың Созақтан Кентауға қарай асып түсер тұсы.
Тұрланның қилы-қилы, қысталаң жолда¬ры¬мен қалың түнде жүріп өту аса қауіп¬тітұ¬ғын. Күндіздің өзінде абайлай-абайлай аса¬тынбыз. Көлік біреу емес, әлденешеу. Бірінің жарығы біріне шағылып, ирелең өткелдерде кирелеңдеп, әбден-ақ азаптандық.
Кентауға жеткенше сағатыңыз төрттен асып, Таңшолпан туғандай. Аспанға қарауға мұрша жоқ. Кеншілердің қонақ үйіне әрең орналасып, меймандарымыз тоңтерістенген күйі таңғы ұйқыға кіріскен. Ал біз жоспарсыз жеткен Кентауыңыздың сол кездегі басшысы Сансызбай Бекбосыновқа қоңырау шалдық. Мән-жайды түсінген текті жетекші Сәкең жақында ғана жол апатына ұшырап, жаңадан жазыла бастағанына қарамады. “Ең болмаса бестен кейін оятсаңдар қайтеді?” деді-дағы, бәрінің ойдағыдай болатынын, уайымдап жүдемеуімізді ескерте есінеді.
Кентауда түске дейін мерекеледік. Сәу¬кеңнің ашуы қайтып, Сафағаңның қабағы жадырады. Тұқаңдар мен Рамазандар әнге басып, Түркістанға межеленген мезгілде жеттік. Сәуірбек көкеміз үшін Түркіс¬тан¬ның жөні бөлек, жосығы ерек. Осындағы ба¬лалар үйінде тәрбиеленген түлек. Толқы¬ды. Тебіренді. Біресе тынымсыз күліп, бі¬ре¬се кеудесін күрсін кернеп, бурыл мұр¬тын қытыр-қытыр сүйкелеп, сытыр-сытыр сипалайды.
Түркістандағы әдеби жиын жаман өт¬пеген. Алайда Сафағамызды бір де бір сөй¬леуші, тіпті мерейтой иесінің өзі де жөн¬деп, дұрыстап айтпаған сыңайлы сезілді. Түркістанның Мәдениет сарайынан алыс¬тамай жатып-ақ “ауа райының бұзылғаны” байқалған. Талай күннен бермен қарата сыпайы-сырбаз, көңілді-кербез келе жат¬қан Сафуан Шаймерденовтің жып-жылы жүзі сұрланып үлгерген. Бір бүйірге ығы¬сыңқыраған ысқаяқ Рамаш (Рамазан) пен титтей нәр¬сеге таңырқай аңқиятын Тұтқаш (Тұтқабай) аға¬ларымыз екеулеп “диагноз” қойысты: “Жаңағы жиында жұрттың бәрі жұмылып, Сәукеңе ауып кетті-дағы, Саф¬ағамыз ұмыт қалды. “Ауа райымыз” бүгін¬дікке бүлінді дей береміз енді”, десті.
Шынымен-ақ “диагноз” дәл қойылған екен. Түркістандықтар по¬йызға аса жылы шырайлы жағ¬дайда шығарып сал¬ға¬нымен, бір купеге жай¬ғас¬қан қос тарланымыз қыр¬ғын шай¬қасты бастады. Қой¬қап¬та¬ғыларын қоз¬ғас¬қан, сұқ саусақтарын безес¬кен сөз соғысынан бә¬ріміз безіп кетуге мәж¬бү¬р¬міз. Бірнеше мәрте кә¬дім¬гідей-ақ тө¬бе¬лесіп қала жаз¬да¬ды. Тоқ¬таров қана тоқ¬татты.
Ақырында ақса¬қал¬дар¬дың екеуі екі купеге бө¬лініп, енші алысты. Бәрібір, қай¬та кездесіп қалса, ке¬рілдесе кетеді. Он¬дайда Тұт¬қабай мен Рамазан қы¬рағы кезек¬шілік етіп, ара¬ларына барып тұра қалады.
Сафекең де, Сәукең де – бәріміздің сүйікті жазушыларымыз. Шаймерденовтің өзге туындыларын былай қойғанда, тек “Инеші” мен “Мәжнүнталы” ше? Неткен ғажап дүниелер?! Сондай ғବжа¬йып¬тарды тудырған сүйрік саусақ¬та¬ры¬нан сүйгіңіз ке¬ле¬тінін қалай жасырарсыз. Ал Сәуірбек Бақ¬бергеновтің даңқты пан¬фи¬ловшы¬лар¬дың дивизиясында взвод ко¬мандирі бол¬ғанын, 1945 жылы журналистік жо¬лын “Со¬циалистік Қазақстанда” бас¬тағанын, Динаны, Кененді, Бауыржанды, Шоқанды, Тал¬ғатты жазғанын жатқа білеміз ғой. Кі¬тап¬тарының аттары қандай?! “Алтын кү¬рек”, “Бозторғай”, “Алтынемелден ас¬қан¬да”, “Қайран шешем”, “Қарға тамған қан”, “Адам және көлеңке”, “Ақбоз атты ару”...
Алпыс төртінші жылдың желтоқсанын¬да Қазақ университетіндей жылы ұямыздан жұлып алынып, әскерге әкетілген пақыр¬лардың біріміз ғой. Қиыр Сібірге кететі¬німізді біліп, бар ақшамызды бір досы¬мызға тастадық: “Оқта-текте жаңа шыққан қазақша кітаптарды салып тұрарсың”, деп өтіндік. Сондай кітаптардың арасында Шыңғыс Айтматовтың “Тау мен дала хи¬каялары” мен Сәуірбек көкемнің “Қасиет” повесі де Чита облысына артымыздан барғаны, қазақ жауынгерлерінің қойны мен қонышында жүріп оқылып, тоз-тозы шыққаны көз алдымызда...
Түркістаннан Арысқа жеткенше қина¬лысып, қиқы-жиқы ой кештік.
Кенет!
Кенет Арыс қаласының темір жол стан¬сасында ән әуелеп, терме тербеліп, күй күмбірлеп тұрыпты. Керемет-ай десеңізші! То¬лайым-тұтас пойыздың күллі жолау¬шы¬лары таңырқай қарап қалысты. Бір тұста топ-топ әнші сұлулар. Екінші жерде ұлт¬тық киім киген домбырашы қыздар мен тер¬меші жігіттер. Одан әрегіректе және шоқ-шоқ өнерпаздар. Одан да арырақ алаңшада ақ шағаладай қалқып билеген мектептің жас өскін өрендері. Айтыс ақындары арнау айтып бастады. Мұның бәрі Арыстың сол сәттегі басшысы Айта¬ханов Қуаныштың шебер ұйымдастырған тірлігі екен. Микрофонды алып, қалам¬герлерді құттықтады. “Қазақтың көрнекті жазушысы, жерлесіміз, мақтанышымыз Сәуірбек Бақбергенов жетпіске толып, кіндік кескен киелі мекені Созақта, Қара¬тау тәжі Кентауда, түркінің ортақ мерейі Түркістанда болып, Арыс арқылы өтіп бара жатыр. Қазақстанның аса көрнекті сурет¬кері Сафуан Шаймерденов ағамыз бастаған бір топ қаламгерлер ортамызда!” деді Ай¬таханов. Қаздай қалқыған қыз-келіншектер қымыран ұсынды. Қойдың басы әкелінді. Арыстың ақ қауыны ақтарылып, қараала дарбызы қақ жарылып, жеміс-жидегі мен жүзімі мөлдірейді.
Тоғыз жолдың торабында әжептәуір аял¬дайтын айтулы пойызыңыз тағы біраз кешіктіріліп, қырық минөтке жуық уақыт қызғын той дүркіреген. Бір қарасақ, бәрі¬міз билеп кетіппіз. Сафекең мен Сәукеңе дейін. Қыздар құрымағырлар еліктіре еліттіріп әкеткен ғой.
Тұтқабай мен Рамазан көкелеріміз екі ақсақалымыздың арасында билеп-билеп жүреді де, кенет ағаларының алақандарын бір-біріне тигізіп, ұштастыра қояды. Сәу¬кең мен Сафекең Тұтқаш-Рамаш сцена¬рийі бойынша айқара құшақ айқастырды-ау ақырында. “Арыста... Арысымызда табысқандарыңыз қандай ғажап, ағалар!” дейді Иманбеков иман тұнған жанарына жас үйіріліп. “Табысамыз! Табыспай не көрініпті?!” дейді Сәукең бурыл мұртын сытырлата сүйкелеп. “Әй, табыспайтындай соншама қатты кетіскен жоқпыз ғой. Не¬тіс¬т¬ік те жай ғана. Мына тамызда жетілетін бала қораздардай қоқиландық та аз ғана”, дейді Сафекең. Тоқтаровыңыздың танадай жанып тұрар “панарларынан” да түйір тамшы тамып кеткендей. Манағы май¬қана-майданды, қырғын соғысты көрген көздердің мынадай мамыражай татуласуға куә бола тұрып, жасқа шыланбауы мүлде мүмкін емес-ті. “Болмашыға бала бола беретін, сәл нәрсеге нала бола салатын қайран даналар-ай!” демеске лажыңыз кем.
Шабыттана шаттанған шығармашылдар шоғыры Шымкентке шейін шалқыған.
Шошайып біз қалып қойдық перронда.
Пойыз жылжи берер сәтте Сәукең мен Сафекең екеуінің бір купеде шахмат ой¬науға кіріскенін әйнектен көріп, бұрын¬ғыдан бетер қуандық.
Сәукең көкем біздің кетпей тұрға¬нымызды байқап қалып, бір түп-түзу, ұзын фигураны ала салып, биік көтере бұл¬ғаңдатты.
“Бәрі дұрыс. Түгел-түзу. Тұп-тура”, дегені болар-ау, сірә.