30.05.2021
265

Иттігін көріп жаққының
Иттігін көріп жаққының,
Жүдейсің іштей,
Жыласйсың.
Айтқанын істеп ақылдың,
Шыдайсың бірақ,
Шыдайсың!
Ортадан мынау біздің де
Оңбаған қылық сезесің.
Өзіңді-өзің тізгіндеп,
Төзесің бірақ,
Төзесің!
Адамның кейбір
Арамдық
Ұлаған бүкіл денесін.
Күніңді соған қараң ғып,
Көнесің кейде,
Көнесің!
Дегенмен ашу қысқанда
Шыдамас жүрек «ақымағың».
Қайнаған қазан
Аспанға
Лақтырмай қоймас қақпағын!