30.05.2021
  185


Автор: Қадыр Мырза Әли

Сол сияқты іздегенің сенің де

Сол сияқты іздегенің сенің де.
Солай ма еді?!
Солай шығар тегінде!
Көзді жұмып бір өтірік айтып ең,
Сол арқылы кіріп алдың сенімге.
Ұмыттың тез шындық толы шат күнді,
Өнер бірақ кешірмейді сатқынды.
Шапан кидің — бір өтірік айтып ең,
Тағы өтірік айтып едің — ат міндің.
Әрбір сөзің о жағынан өте ірі.
Сол сөзбен-ақ мал таптың сен отырып
Жаңа сойған қойға айналып,
Сен үшін
Жаңа піскен нанға айналды өтірік.
Сен бірақ та кеней берме көмейді.
Уақыт ертең бәрін екшеп, елейді.
Тарих әсте
Ақиқатқа — шындықпен,
Өтірікке — жалғанменен телейді.





Пікір жазу