30.05.2021
201
Жазираның жалғыз сәні жаздағы
Жазираның жалғыз сәні жаздағы
Жиде гүлі қызыл шоқтай маздады.
Бұтаға бір қонып алып
Жас бұлбұл
Жырға айналып ағып кете жаздады.
Аралардың үзілмей бір тізбегі,
Көбелектер содан жұмақ іздеді.
Жиде гүлі тартты бәрін өзіне
Махаббаттың
Меккесіндей түздегі.
Көкжиекте сағым ойнап сәскелік,
Көз көрмейді...
Қуаныштан жас толып.
Жолдан шығып,
Саясында жиденің
Жатады адам жұпар гүлге мас болып.
Сері көзі гүлден артық не көрді!
Сұлулықсыз бүкіл тірлік бекер-ді.
Бірақ бірақ...
Әлгі жиде түбіне
Бір ит келіп сол жақ бұтын көтерді!