30.05.2021
236
Өркештер асқақтап
Өркештер асқақтап,
Арқаға қонжиды:
Нар менен қоспақтар
Жаз бойы қом жиды.
Жалқаулар үйінде
Жатып ап шалжиды.
Аралар гуілдеп,
Жаз бойы бал жиды.
Жүрекке нұр құйып,
Келсе жыр — күн шалқу,
Жыланның жыл бойы
Жиғаны — бір тамшы у!