30.05.2021
196
Жантая құлар болсаң қыз демінен
Жантая құлар болсаң қыз демінен,
Жаяды жасыл көктем түзге кілем...
Бейкүнә ғұмырнәмәм тұрады ылғи
Бітпейтін жұмыстардың тізбегінен.
Жастық деп,
Жігіттік деп жалындасаң,
Тер төктім қиындықтың жолында сан.
Білгенім жұмыс қана,
Еңбек қана,
Көрген жоқ ғұмыр бойы қолым босап.
Демалыс күткен емен келер күннен.
Білмейді тынығуды өнер мінген.
Қалғандай шахта астында
Түбінде осы
Жұмыстың астында қап өлермін мен.