30.05.2021
209
Қызығамын ғашық болған қос гүлге
Қызығамын ғашық болған қос гүлге.
Ғашықтарда болмас кейде ес мүлде!
Елу жылды сыйғызады махаббат
Бес-ақ жылға, –
Бес жылың не! –
Бес күнге!
Жас кезінде бұзып аққан арнаны
Бір бақыт қой — кім-кімнің де арманы.
Жарты сағат көтерілген рухың —
Жарты ғасыр өміріңнің бар мәні!