30.05.2021
  256


Автор: Қадыр Мырза Әли

Сен арусың

Сен арусың,
Аруға
Ғашық керек емес пе!
Арып-ашып баруға
Қашық керек емес пе?
Сен кәусарсың,
Кәусарды
Ішу керек емес пе?
Басу үшін аусарды
Құшу керек емес пе?
Сен тәттісің,
Тәттіні
Тату керек емес пе?
Апрельдің ақ түні
Жату керек емес пе?
Арлан болып арланға,
Өту керек емес пе?
Сен армансың,
Арманға
Жету керек емес пе?!





Пікір жазу