30.05.2021
138
Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған
Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған,
Көкірегімді ешкімге бастыртпағам.
Қуанышы құлақтың — жылы лебіз,
Жылы лебіз,
Жақсы сөз естірт маған!
Ел дегенде бойына ас батпаған,
О туған жер, мен сенің асқақ балаң,
Қуанышы кеуденің — гүл жұпары,
Гүл жұпарын өлерде иіскет маған!
Дүниеге әкелген құрсақ-далам,
Қандай-қандай қызығың бар сақтаған?
Қуанышы көзімнің — әдемілік,
Сұлулық пен сұлуды көрсет маған!