30.05.2021
177
![](/uploads/shorttexts/author_image/kadir.jpg)
Талай-талай жүріп көңіл шөлімен
Талай-талай жүріп көңіл шөлімен,
Асып келем жырдың асу, белінен.
Ерінім де тілім-тілім жарылды
Қызғаныштың күйіп тұрған желінен.
Бір-ақ күнде жазылмайды дерт енді.
Тірлігіме медеу қылам ертеңді.
Табаным да
Тобылғының шоғындай
Табасына қиындықтың өртенді.
Жарқ-жұрқ еткен асыл тастай жаңғырық.
Әділдіктен тазарады жан кірі.
Өмір шөлде
Таңдайымды жібітті
Жақсылықтың сіркіреген жаңбыры.