30.05.2021
180
Ауырдың ба?
Ауырдың ба?—
Ыңқылдайсың,
Сарнайсың.
Ашындың ба?—
Құдайыңды қарғайсың.
Қарғағанмен,
Суға кетер жерінде
Қолға тиген тал-шыбықты қармайсың.
Шымбайыңа батса қалай шыдайсың!
«Әділет жоқ өмірде!»— деп жылайсың.
Жылама сен,
Шырқыратып жаныңды
Күн-күн сайын қинайды деп бұлай сын.
Қинай берсін әрбір тоқтар бекетің.
Қинай берсін жеке күнмен жеке түн.
Ауырарсың,
Ашынарсың,
Бәрібір
Тіршілікке ештеңе жоқ жететін!